Ресей Батыс елдерімен Украинадағы дағдарыстан шығу жолдарын талқылау кезінде қоятын талаптарын жария етті.
Ресей сыртқы істер министрлігіндегі дерек көздеріне сілтеме жасаған "РИА Новости" агенттігі Мәскеудің басты екі негізгі шарты барын хабарлады. Оның алғашқысы - Украинада конституциялық реформалар жүргізу және коалициялық үкімет құру туралы 21 ақпанда жасалған келісімді орындау. Екіншісі - келіссөздерге Украинадағы барлық саяси күштер қатысуы тиіс.
21 ақпанда Украинада билік пен оппозиция Франция, Германия және Польша сыртқы істер министрлерінің қатысуымен елдегі саяси дағдарысты реттеу туралы келісімге қол қойған. Ресей президентінің өкілі Владимир Лукин ол келісімге қол қоюдан бас тартқан.
Украинаның жаңа билігінің пікірінше, Янукович Жоғарғы Раданың Украинаның 2004 жылғы конституциясын қалпына келтіру туралы арнайы заңына 48 сағат ішінде қол қоймағандықтан ол келісім орындалған жоқ. Ал 22 ақпанда Украина парламенті Януковичті биліктен шеттетіп, конституцияны өзгерткен.
Мәскеу Жоғрағы Раданың шешімдерінің заңдылығына күмән келтіреді.
1 наурызда Ресей Федерация кеңесі Владимир Путиннің Украинада Ресей әскерін пайдалану туралы ұсынысын қолдаған.