Accessibility links

Павлодар облысының бұрынғы әкімі ұсталды


Павлодар облысының картасы. (Көрнекі сурет)
Павлодар облысының картасы. (Көрнекі сурет)
"Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын "қаржы жымқырды" және "аса ірі көлемде пара алды" деген күдікпен 4 наурыз күні тұтқындалды" деп хабарлайды бүгін қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Қаржы полициясының ақпаратына қарағанда, Ерлан Арын бұған дейін Павлодар облысы әкімшілігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша ұсталып отыр. Ол "Павлодар қаласының көркеюіне демеушілік көмек ретінде бөлінген қаржыны жымқырды" және "ірі көлемде пара алды" деген күдікке ілініп отыр.

Қазір қозғалған іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Ерлан Арын өткен жылдың желтоқсан айында "өз өтініші бойынша" қызметінен босатылған еді.
XS
SM
MD
LG