Қытай үкіметі биыл қорғанысқа бөлінетін қаржыны 12,2 пайызға көбейтіп, 132 миллиард АҚШ долларына жеткізетінін жариялады.
5 наурызда Бүкілқытайлық Халық өкілдерінің жиынында сөйлеген премьер-министр Ли Кэцян Қытай "ұлттық қорғаныс саласында зерттеулерді күшейтіп, жаңа және жоғары технологиялық қару-жарақтар мен әскери жабдықтарды дамытуға күш салатынын және шекара, жағалау күзеті мен әуе қорғаныс күштерін нығайтатынын" мәлімдеді.
Кейбір сарапшылар Қытайдың қорғаныс шығындарының біразы бюджеттен тыс қаржыландырылады және қорғанысқа бөлінетін қаржы шын мәнінде 200 миллиард АҚШ долларына жуықтайды деп санайды.
Ли Кэцян бұған қоса Қытай биыл экономикалық өсімін 7,5 пайызға жеткізуді жоспарлап отырғанын да айтты.
Қытай армиясы әлемдегі ең ірі армия саналады. Қытай армиясында 2,3 миллионға жуық адам бар.