Accessibility links

Каддафидің тағы бір ұлы Ливияға экстрадицияланды


Муаммар Каддафидің ұлы Саади Каддафи.
Муаммар Каддафидің ұлы Саади Каддафи.
Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафидің ұлы Саади Каддафи Нигериядан Ливияға экстрадицияланды.

Бизнесмен әрі кәсіби футболда карьера жасаған Саади Каддафи 2011 жылы НАТО қолдаған халық толқуларында әкесі биліктен құлатылған соң Нигерияға қашып кеткен еді. Саади Каддафиге Халықаралық қылмыстық сот емес, Ливия іздеу жариялаған. Ливия үкіметі оны "бөтеннің мүлкін күшпен иеленді және Ливия футбол федерациясын басқарып тұрғанда қарулы күш көрсетіп, қоқан-лоқы жасады" деп айыптап отыр.

Ливияда Муаммар Каддафидің екінші ұлы Саиф әл-Исламға "мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірді" деген айып тағылып, қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG