Accessibility links

ЕО Ресеймен келіссөздерді тоқтатады


Еуропа кеңесінің президенті Херман ван Ромпей.
Еуропа кеңесінің президенті Херман ван Ромпей.
Еуропа кеңесінің президенті Херман ван Ромпей Еуропа Одағы Ресеймен жүргізіп жатқан ынтымақтастық және визалық процедураларды жеңілдету туралы келіссөздерді тоқтататынын мәлімдеді.

ЕО бұған қоса егер Кремль таяу арада Украина билігімен келіссөздер бастамаса ресейлік шенеуніктердің Еуропадағы активтерін бұғаулап, олардың Еуропа Одағына баруына тыйым салмақ.

Херман ван Ромпейдің айтуынша, Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздер "қысқа мерзім ішінде" нәтиже беруі тиіс. Ол Еуропа Одағы елдерінің басшылары Брюссельде өткен саммитте Ресейге қарсы үш түрлі санкция салуға уағдаласқанын және алдымен Мәскеумен келіссөзді тоқтатуға келіскендерін айтады.

Ромпей егер Ресей Украинадағы жағдайды тұрақсыздандыра берсе, онда "кең ауқымды экономикалық санкциялар" салынатынын ескертті.
XS
SM
MD
LG