Қырымда тарайтын украиналық кейбір телеарналарды эфирден көрсету тоқтатыла бастады. "1+1" телеарнасының жүргізушісі Лидия Таранның айтуынша, Қырымда телеарна журналистеріне шабуыл жасалған.
Лидия Таранның сөзіне қарағанда, "1+1" телеарнасының журналистеріне Қырымдағы ахуал шиеленіскен кезде-ақ қауіп төнген. "Біздің журналистеріміз күн сайын шабуылға ұшырап жүрді. Киевтен Қырымға сапармен келген журналистерге де бірнеше рет доқ көрсетілді" дейді Лидия Таран.
Кейбір ақпарат көздері тағы бір украиналық телеарна - "5-арнаның" да Қырымда хабар таратуы тоқтатылғанын айтады.
6 наурызда Қырым парламентінің депутаттары автономиялық республиканың Украина құрамынан шығып, Ресейге қосылуын жақтап дауыс берді. Парламент Қырым мәртебесін айқындайтын референдумды 16 наурызға белгіледі.