Accessibility links

Үкіметтік басқару жүйесінде өзгерістер болды


Астанадағы Қазақстан президенті резиденциясы. (Көрнекі сурет)
Астанадағы Қазақстан президенті резиденциясы. (Көрнекі сурет)
Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен мәдениет және ақпарат министрлігі бүгін мәдениет министрлігі болып қайта құрылды. Бұл министрліктің ақпарат және мұрағат комитеті таратылды.

Таратылған құрылымдар қатарында көлік және коммуникация министрлігінің байланыс және ақпараттандыру комитеті, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті де бар.

Елде байланыс және ақпарат агенттігі құрылды. Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде сипатталған бұл агенттікке көлік және коммуникация министрлігінен - байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы; мәдениет және ақпарат министрлігінен - ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілген.

Бүгін көлік және коммуникация министрі жаңадан тағайындалды. Ол қызметті Жеңіс Қасымбек атқарады.
XS
SM
MD
LG