Accessibility links

Украина мемлекеттік шығындарын азайтпақ


Украина саясаткерлері Арсений Яценюк, Виталий Кличко, Олег Тягнибок парламент сессиясында тұр. Киев, 27 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Украина саясаткерлері Арсений Яценюк, Виталий Кличко, Олег Тягнибок парламент сессиясында тұр. Киев, 27 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Украина үкіметі экономикалық қиындықтарға байланысты мемлекеттік шығындарды шектеу шараларын жариялады.

Сенбі күні жарияланған үкімет қаулысында мемлекеттік қызметкерлердің шығындары шектелетіні айтылған. 31 пункттен тұратын тізімде мобильді байланысты төлеуге, көліктер (жедел жәрдем, өрт сөндіру, құтқару көліктерінен басқасын), мобильді телефондар, ноутбуктер, тұрмыстық техника сатып алуға, ремонт жүргізуге тыйым салынатыны жазылған.

Одан бөлек, шенеуніктердің шетелге сапарлары азайтылатыны, чартерлік рейстерге төлем жасауға тыйым салынатыны көрсетілген. Мемлекеттік мүлік қорына мемлекеттік ғимараттар мен саяжайлар, демалыс үйлерінің мүліктерін тізімге алу тапсырылды. Көрмелер, жәрмеңкелер, мерекелік шаралар өткізуге ақша бөлу тоқтатылатыны да ескертілген.

Өткен аптада Еуропа Одағы (ЕО) мен АҚШ Украинаға қаржылай көмек беретіндерін мәлімдеген еді. ЕО алдағы екі жылда бұл елге 11 миллиард еуро бөлетінін хабарлады. Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозудың айтуынша, қаржы Украина үкіметіне реформа жүргізу үшін беріледі.
XS
SM
MD
LG