Accessibility links

Ресейдегі жарылыстан 14 адам зардап шекті


Ресей полицейі. (Көрнекі сурет)
Ресей полицейі. (Көрнекі сурет)
Ресейдің Свердлов облысында 14 адам Тугул елді мекенінде болған жарылыстан жараланды.

«Интерфакс» ақпаратына қарағанда, аймақтық ішкі істер басқармасы жексенбіге ауған түні Тугул орталығындағы кафеде "қол гранатасы жарылғанын" хабарлаған.

Жарылыстан бұрын кафеде төбелес болған. Жарылыстан кафе терезелері шағылған. Ауыр жарақат алған үш адам ауруханаға түскен.

Төбелес себептерін Ресей тергеу комитеті, полиция және прокуратура анықтап жатыр.
XS
SM
MD
LG