Accessibility links

НАТО ұшақтары Украинадағы жағдайды бақыламақ


НАТО-ның алдын-ала ескерту және басқару жүйесімен жабдықталған арнайы ұшағы. (Көрнекі сурет)
НАТО-ның алдын-ала ескерту және басқару жүйесімен жабдықталған арнайы ұшағы. (Көрнекі сурет)
НАТО-ның алдын-ала ескерту жасайтын АВАКС жүйелерімен жабдықталған арнайы ұшақтары Украинадағы жағдай туралы ақпарат алып отыру үшін Польша мен Румынияның әуе кеңістігінде қарауылдап жүретін болды деп хабарлайды НАТО-дағы дереккөзіне сілтеме жасаған BBC.

НАТО өкілінің айтуынша, бақылау Солтүстік альянстың Украинадағы жағдай туралы хабардар болып отыру деңгейін арттырады. НАТО дереккөзі барлау ұшақтары тек НАТО-ға мүше елдерінің территорияларында ғана ұшып жүретінін ескерткен.

Алдын-ала ескерту және басқарудың заманауи жүйелері 400 километрге дейінгі қашықтықта ұшып жүрген ұшақтарды алдын-ала анықтай алады. Арнайы жүйемен жабдықталған мұндай үш ұшақ бүкіл Орталық Еуропа елдеріндегі жағдайды бақылай алады.
XS
SM
MD
LG