Жапонияда бүгін бұдан үш жыл бұрынғы жер сілкінісі мен цунамиден мерт болғандарды еске алып жатыр. Токиода Жапония императоры Акихито ел тарихындағы ең қайғылы табиғат апатына үш жыл болғанына байланысты еске алу шарасын өткізеді.
2011 жылы 11 наурызда Жапонияның солтүстік-шығыс аудандарында, әсіресе Фукусима префектурасында күшті жер сілкінісі мен цунами салдарынан 18 мыңға тарта адам қаза тапқан еді.
Табиғат апатынан мыңдаған үй, жолдар қирап, байланыс желілері істен шыққан. "Фукусима" атом электр станциясында реактор зақымданып, одан ауа мен суға радиация тарала бастаған. АЭС-тен 30 километр радиусте орналасқан елдімекендер тұрғындарының барлығы басқа жаққа көшірілді.