Accessibility links

Астанада белсенді 7 тәулікке қамалды


Азаматтық белсенді Махамбет Әбжан Ресей елшілігі алдында наразылық танытып тұр. Астана, 3 наурыз 2014 жыл.
Бүгін Астана әкімшілік соты азаматтық белсенді, "Антигептил" қозғалысының мүшесі Махамбет Әбжанды жеті күнге қамауға шешім шығарды. Ол наурыздың 3-і күні Ресей елшілігінің алдында наразылық акциясына қатысқаны үшін әкімшілік сотқа тартылды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Әбжанның өзі телефонмен хабарлады.

«Әкімшілік іс бойынша сотта прокурор мені он бес күнге қамау туралы сұрады. Сот әкімшілік кодекстің 323 бабы 3-тармағы бойынша «заңсыз митинг ұйымдастырды» деген айыппен мені жеті күнге қамауға шешім шығарды» деді Махамбет Әбжан Азаттыққа.

Наурыздың 3-і күнгі акцияға қатысқан он шақты адам Ресейдің Украина аумағына басып кіруіне наразылық білдірген. Махамбет Әбжан "Кеше - Абхазия, Осетия. Бүгін - Қырым. Ертең - Солтүстік Қазақстан" деген жазу жазылған плакатты ашқан мезетте оны бірден полиция ұстап әкетіп, кейін босатып қоя берген еді.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы кеңсесінде қазақ тілінде редактор. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан, Джакартада өткен Азия ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG