Accessibility links

БҰҰ: Әлемде әйел депутаттар көбейіп келеді


Әйелдердің зейнетке шығу жасын талқылау үшін парламент депутаттарымен кездесуге келген әйелдер. Теміртау, 9 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Әйелдердің зейнетке шығу жасын талқылау үшін парламент депутаттарымен кездесуге келген әйелдер. Теміртау, 9 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
БҰҰ зерттеуі бойынша, 2013 жылы әлемде депутат әйелдердің үлесі бір жарым пайызға өсіп, барлық депутаттардың 21,8 пайызын құраған. Бұл рекордтық көрсеткіш болып отыр.

БҰҰ-ның парламентаралық одағы мен "БҰҰ-Әйелдер" құрылымының есебіне қарағанда, қазір әлем елдерінің парламенттерінде депутат болып отырған әйелдердің саны 1995 жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Бірақ сарапшылар әйел депутаттардың саны тым баяу өсіп келеді дейді.

"БҰҰ-Әйелдер" құрылымының атқарушы директоры Джон Хендраның айтуынша, дәл қазіргі жағдайда гендерлік балансты толтыру үшін ондаған жыл қажет. Хендра квота, әйелдер қозғалысы мен саяси партияларын қолдау сияқты уақытша шаралардың әйел депутаттар санын арттыруда маңызы зор екенін айтады.
XS
SM
MD
LG