Accessibility links

Украина БҰҰ мен ЕО-дан көмек сұрады


Жоғарғы Раданың сессиясы. Киев, 13 наурыз 2014 жыл.
Жоғарғы Раданың сессиясы. Киев, 13 наурыз 2014 жыл.
Украина парламенті - Жоғарғы Рада 13 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымынан (БҰҰ) Қырымдағы жағдайды реттеуге көмектесуді сұрап, Еуропа Одағымен (ЕО) интеграция орнататынын жария етті. Қырымға қатысты қабылданған үндеуді 250 депутат, оның ішінде "Аймақтар партиясының" екі өкілі қолдап дауыс берді.

Үндеуде Қырым автономиялық республикасындағы жағдайдың күрт нашарлап кеткені айтылады. Құжатта Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық жасап, егемен мемлекеттің бір бөлігін аннексиялауға ұмтылып отырғаны көрсетілген. Украина Ресейді халықаралық құқық принциптерін өрескел бұзып отыр деп, БҰҰ-ны Қырымдағы жағдайды дереу қарастыруға шақырды.

ЕО-мен интеграциялану туралы қаулыда Жоғарғы Рада Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчиновқа ЕО-ны Ресейдің Украинаға қатысты саясатына ықпал етудің барлық тетіктерін қолдануға шақыруды жүктеген.

Жоғарғы Рада бұған қоса премьер-министр Арсений Яценюкке қысқа мерзімде Украинаның ЕО-мен ассоциация туралы қаулысына қол қоюға өкілеттік берді.
XS
SM
MD
LG