Accessibility links

Донецкідегі қақтығыста бір адам қаза тапты


Милиция ресейшіл шерушілердің бірін ұстап әкетіп барады. Донецк, 9 наурыз 2014 жыл.
Милиция ресейшіл шерушілердің бірін ұстап әкетіп барады. Донецк, 9 наурыз 2014 жыл.
Украинаның Донецк қаласында 13 наурызда ресейшіл және украинашыл шерушілер арасында болған қақтығыстардан бір адам қаза тауып, бірнеше адам ауруханаға түсті деп хабарлайды жергілікті дәрігерлер.

Донецкінің орталығына жиналғандардың бір тобы ресейшіл ұрандар айтып айқайлап, бір тобы Ресейдің Қырымды басып алуына қарсылық танытқан.

Милиция шерушілерді тоқтатуға тырысқанымен, олар бөгетті бұзып өтіп, милиция автобустарын қирата бастаған.
XS
SM
MD
LG