ҚазАқпарат агенттігі сайттың қытай тіліндегі нұсқасын іске қосты. Сайттың қытай тіліндегі парағының ресми таныстырылымы бүгін агенттіктің Астанадағы бас кеңсесінде мемлекеттік органдардың, Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Лэ Юйчэн және басқа да ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтпек.
Агенттік қытай тіліндегі нұсқаны "биылдан бастап халықаралық агенттік мәртебесін иеленген агенттіктің жаңа бірегей жобасы" дейді.
"Сайттың жаңа нұсқасының Қытай мен Қазақстан арасындағы саяси-экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы қатынастардың одан әрі дами түсуіне елеулі үлес қосарына сенім мол" делінген ҚазАқпарат хабарламасында.
ҚазАқпарат Қазақстан президенті, парламенті, үкімет және аймақтық билік органдары жөнінде хабар тарататын ресми агенттік. Ол бұған дейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар таратып келген.