Accessibility links

Назарбаев пен Кэмерон Украина туралы сөйлесті


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Лондон, 21 шілде 2013 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Лондон, 21 шілде 2013 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесіп, Украина дағдырысын да талқылады деп хабарлады Қазақстан президентінің ресми сайты.

Кэмерон мен Назарбаев Украина дағдарысын дипломатиялық келіссөздер жолымен және халықаралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана отырып бейбіт реттеу қажеттігін айтқан.

Батыс елдері Ресейдің Қырымға әскер кіргізуін айыптап, бұл аймақты Украинадан бөлмекке тырысу әрекетін сөгеді.
XS
SM
MD
LG