Accessibility links

Мәскеуде оппозиция "Бейбітшілік шеруін" өткізеді


Соғысқа қарсы акция. Ресей.
Соғысқа қарсы акция. Ресей.
Мәскеуде бүгін оппозиция соғысқа қарсы "Бейбітшілік шеруін" өткізеді. Шерушілер Пушкин алаңынан академик Сахаров даңғылына дейін жүріп өтпек. Акция билікпен келісілген. Мәскеу үкіметі 50 мың адамға дейін шығаруға рұқсат берген.

Акцияны ұйымдастырушылар – "Солидарность" қозғалысы, РПР-ПАРНАС, "5 желтоқсан партиясы", "Прогресс партиясы" және азаматтық белсенділер. Шеруге қосылатындарын бірқатар солшыл ұйымдар да мәлімдеді.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, прокуратура ұйымдастырушыларға заң бұзбау туралы ескерткен.

Ресейдің бірнеше қаласында бүгін соғысқа қарсы акциялар өтпек. Олар Мәскеудегі "Бейбітшілік шеруін" қолдайды.
XS
SM
MD
LG