Accessibility links

Египетте шабуылдан бес адам қаза тапты


"Мұсылман бауырлар" ұйымы жарды деп хабарланған полиция көлігінің қирандысы. Каир, 7 наурыз 2014 жыл.
"Мұсылман бауырлар" ұйымы жарды деп хабарланған полиция көлігінің қирандысы. Каир, 7 наурыз 2014 жыл.
Египетте бүгін Каир қаласының шетіндегі тексеру-өткізу пунктіне шабуыл жасалды. Бес әскери қызметкер қаза тапты. Египет мемлекеттік телеарнасы "оқиға орнында жарылған екі бомбаның қалдықтары табылғанын" хабарлады.

Екі күн бұрын Каирде автобусқа қарулы шабуыл жасалған еді. Бір әскери қызмектер қаза тапқан.

Египетте бұрынғы президент Мұхаммед Мурси 2013 жылы шілде айында биліктен шеттетілгеннен кейін қауіпсіздік қызметкерлеріне шабуылдар жиілеп кетті. Бүгінге дейін 300-дей полицей мен әскери қызметкер қаза тапты.

Египет үкіметі шабуылды Мурси басқаратын "Мұсылман бауырлар" ұйымынан көреді. 2013 жылы желтоқсан айында Египет билігі "Мұсылман бауырларды" террорлық ұйым деп жариялаған.
XS
SM
MD
LG