Accessibility links

БҰҰ ҚК-нің Қырым жайлы қарарына Ресей вето қойды


Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин.
Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин.
Қырымның мәртебесіне қатысты бүгінге белгіленген референдумды заңсыз деп тану туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің (БҰҰ ҚК) қарар жобасына Ресей қарсылық білдірді.

Дауыс беру кезінде Қауіпсіздік кеңесіне мүше 13 мемлекет қарар жобасына қолдап, Қытай қалыс қалды.

АҚШ дайындап БҰҰ ҚК-нің қарауына ұсынған құжат жобасына Ресейдің вето қояды деген болжамдар бұған дейін айтылған еді. Киев бұл референдум Украина конституциясына қайшы екенін айтып, оның заңды күші жоқ деп біледі. АҚШ және өзге де батыс елдері халықаралық қауымдастықты даулы референдумды мойындамауға шақырып отыр.

Ресей БҰҰ ҚК-нің вето қою құқығына ие тұрақты бес мүшесінің бірі. Қырымды Ресейдің қанатының астына алуды көздейтін бұл референдумды Кремль қолдайды.
XS
SM
MD
LG