Accessibility links

Мадуро наразыларға күш қолданатынын ескертті


Үкіметке наразылар полицияға тас лақтырып жатыр. Каракас, 22 ақпан 2014 жыл.
Үкіметке наразылар полицияға тас лақтырып жатыр. Каракас, 22 ақпан 2014 жыл.
Венесуэла президенті Николас Мадуро ел астанасы Каракастың шығыс бөлігіндегі Альтамир алаңында тұрған демонстранттар өз еріктерімен тарқамаса, билік оларды қауіпсіздік күшінің көмегімен мәжбүрлі түрде тарататыны туралы ескертті.

Альтамир алаңы соңғы алты аптадан бері үкіметке қарсы шерулердің орталығына айналған. Осы уақыт ішінде қақтығыстар салдарынан 28 адам мерт болған.

Сенбі күні әскерилер алдында сөйлеген Мадуро «Венесуэлаға қатысты экономикалық санкциялар енгізуге, тіпті мені өлтіру тәрізді төтенше шараларға дайыналып жатыр» деп АҚШ мемлекеттік департаменті мен Пентагонды айыптады.

АҚШ үкіметі Мадуроның ел тұрғындарының назарын ішкі саяси және экономикалық дағдарыстардан басқа жаққа бұру үшін бұған дейін Венесуэла президенті болған марқұм Уго Чавес сияқты «импералистік қауіп-қатерлер» ойлап табуға әуес екені туралы мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG