Бүгін Минскде елдегі саяси тұтқындарға қолдау білдіріп пикетке шыққан бірнеше оппозиция белсендісін милиция жасағы ұстап алып кеткен деп хабарлайды Азаттықтың Беларусь қызметі.
Ұсталғандардың арасында оппозиция қайраткерлері Анатолий Лебедько, Владимир Романовский, Анна Конопацкая және журналистер Алесь Силич пен Наталья Волокидо бар.
Беларусь оппозициялық Біріккен азаматтық партиясы жергілікті органдарға сайлау кампаниясы аясында пикет өткізілетіндігі жайлы билік органдарына алдын ала хабарланғанын айтады.
Бірақ пикет басталысымен оған қатысушылардың құжаттарын тексеру басталып, арада 15 минуттай уақыт өткенде шараға қатысушыларды автобус салып, милиция бөліміне алып кеткен.