Accessibility links

Нигерияда шабуылдан 100-ге тарта адам өлді


Нигериядағы қарулы топ мүшелері. (Көрнекі сурет)
Нигериядағы қарулы топ мүшелері. (Көрнекі сурет)
Нигерияның орталық бөлігіндегі үш елді мекенде шабуылдан 100-ге тарта адам қаза болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шабуылды исламды насихаттайтын фулани тайпасының бақташылары жасаған.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қарулы ер адамдар ауылдарға кіріп, үйлерді өртей бастаған. Қанды оқиға Нигерияның негізінен христиандар мекендейтін оңтүстік аймағы мен мұсылмандары басым солтүстік аймағының түйіскен тұсында болған. Елдің бұл аймағында табиғи ресурстарға бақылау жасауды мақсат еткен діни және этникалық сипаттағы шиеленіс күшейіп тұр.

Сарапшылар фулани тайпасы мен фермерлер қақтығыстарының "Әл-Қаидамен" жақындығы бар "Боко Харам" радикалдық исламшыл тобымен байланысы жоқ деп санайды.

"Боко Харам" тобы Нигерияның солтүстігінде әрекет етеді және ұйым осы аймақта шариғат заңдарын орнатқысы келеді.
XS
SM
MD
LG