Accessibility links

Астанада көлік апатынан 16 адам зардап шекті


Жол апаты. (Көрнекі сурет)
Жол апаты. (Көрнекі сурет)
Бүгін таңертең Қосшы-Астана тас жолында жолаушылар автобусы мен "КамАЗ" жүк көлігі соқтығысып, 16 адам зардап шекті.

Астана қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендердің біреуі - автобус жүргізушісі, 15-і - жолаушылар.

Әртүрлі жарақат алған адамдардың барлығы ауруханаға жеткізілген. Олардың үшеуі реанимация бөліміне жатқызылған. Үш адам медициналық көмек алғаннан кейін босатылған.
XS
SM
MD
LG