Ресей президенті Владимир Путин Қырымды егеменді және тәуелсіз мемлекет деп тану туралы жарлыққа қол қойды. Путиннің жарлығы Қырым парламенті автономиялық аймақты Украинадан тәуелсіз деп жариялап, Ресей құрамына кіруге ресми түрде өтініш бергеннен бірнеше сағаттан соң шықты.
16 наурызда Қырымда аймақтың Ресей құрамына кіруі туралы референдум өткен. АҚШ пен Еуропа Одағы референдумды Украина және халықаралық құқық нормаларына қайшы деп, оның нәтижесін мойындаудан бас тартқан.
АҚШ пен Еуропа Одағы 17 наурызда Қырымдағы Ресей шенеуніктері мен Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович және оның тұсындағы президент әкімшілігінің басшысы Виктор Медведчукке санкциялар салған.
Кремль референдум нәтижесін заңды деп танитынын мәлімдеді. Ресей парламенті Қырым түбегін қосып алу жөніндегі шараларды жасап жатыр.