Қырым татарлары меджилисінің төрағасы Рефат Чубаров Қырымға қатысты маңызды шешімдердің Қырым татарларының қатысуынсыз қабылданғаны дұрыс емес деп санайды.
17 наурызда Симферопольде өткен баспасөз жиынында Чубаров "Қырымның тағдырын оның байырғы халқы - Қырым татарларының тікелей араласуынсыз шешуіне ешкімнің құқығы жоқ. БізҚырым татарлары мен олардың өкілетті органдары - құрылтай мен меджилистің қатысуынсыз шығарылған бізге қатысты кез-келген шешімді қабылдамаймыз" деді.
Ол бұған қоса Қырым билігінің 16 наурызда өткен референдум нәтижесіне сүйеніп шығарған шешімі Қырым татарларының ұстанымын білдірмейтінін айтады.
"Қазіргі өзін билік санайтын адамдардың үндеуі мен қол қойғандары - бұл билікті озбырлықпен басып алу. Мен оларды Қырым халқының бір бөлігінің атынан сөйлей алмайды деп айта алмаймын. Бірақ олар Қырымның барлық халқының, оның ішінде Қырым татарларының атынан мүлдем сөйлей алмайды,-" деді Чубаров.
Оның пікірінше, Қырымға қатысты туындаған дағдарыс әлемдік мәселе және ол тек халықаралық қауымдастықтың араласуымен ғана шешіледі.
17 наурызда Қырым парламенті 16 наурызда өткен референдумның қорытындысына сүйеніп, аймақты Украинадан тәуелсіз деп жариялап, Ресей құрамына кіруге ресми түрде өтініш білдірген. Ресми мәлімет бойынша, референдумда қырымдықтардың 93 пайызы аймақтың Ресейге қосылуын қолдаған.