Accessibility links

Жапония: Ресейге санкция саламыз


Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ.
Жапония Ресейге Украинадағы "басқыншылық әрекеттері үшін" санкциялар салатынын хабарлады. Жапония үкіметінің баспасөз хатшысы Йошихиде Суга үкімет бүгін Ресеймен арадағы виза беруді жеңілдету жөніндегі келісімдерді, әскери және ғарыш салаға инвестициялар салу жөніндегі барлық жаңа келіссөздерді тоқтататынын мәлімдеді.

Йошихида Суга "Біз Ресейден халықаралық заңнамалар мен Украинаның тәуелсіздігін құрметтеуді және Қырымды аннексияламауды сұраймыз" деген.

16 наурызда Қырымда аймақтың Ресей құрамына кіруі туралы референдум өткен. АҚШ пен Еуропа Одағы референдумды Украина және халықаралық құқық нормаларына қайшы деп, оның нәтижесін мойындаудан бас тартқан.

АҚШ пен Еуропа Одағы 17 наурызда Қырымдағы Ресей шенеуніктері мен Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович және оның тұсындағы президент әкімшілігінің басшысы Виктор Медведчукке санкциялар салған.

Кремль референдум нәтижесін заңды деп танитынын мәлімдеді. Ресей парламенті Қырым түбегін қосып алу жөніндегі шараларды жасап жатыр.
XS
SM
MD
LG