Accessibility links

АҚШ вице-президенті Варшаваға барды


АҚШ вице-президенті Джо Байден. Варшава, 18 наурыз 2014 жыл.
АҚШ вице-президенті Джо Байден. Варшава, 18 наурыз 2014 жыл.
АҚШ вице-президенті Джо Байден Украинадағы дағдарысқа қатысты Польша мен Литваға жасайтын екі күндік сапары аясында Варшаваға барды.

Бүгін ол әуелі Польша премьер-министрі Дональд Тускпен, сосын президенті Бронислав Комаровскиймен келіссөздер жүргізеді. Байден Варшавада Эстония президенті Тоомас Хендрик Ильвеспен де кездеседі.

Бұдан соң Джо Байден Вильнюсте Литва президенті Даля Грибаускайтемен және Латвия президенті Андрис Берзиньшпен жолықпақ.

АҚШ вице-президенті НАТО-дағы одақтастары басшыларымен кездесуінде Ресей президенті Владимир Путинді Украинаның ішкі ісіне араласудан бас тартқызуды көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG