Accessibility links

"Саясат алаңы" газеті сотында жарыссөз басталды


"Саясат алаңы" газетінің журналисі Инга Иманбай. Алматы, 29 қаңтар 2014 жыл.
"Саясат алаңы" газетінің журналисі Инга Иманбай. Алматы, 29 қаңтар 2014 жыл.
Алматылық әскери зейнеткер Көпесбай Жампейісовтің оппозициялық "Саясат алаңы" газеті үстінен түсірген шағымы бойынша сот тыңдауы аяқталып, бүгін тараптар жарыссөзге түсті.

Көпесбай Жампейісов газеттен мақалаларының бірінің тақырыбы дұрыс қойылмады деп, моральдық шығын ретінде 3 миллион 704 мың теңге өндіріп беруді сұраған.

18 наурыздағы сот отырысында шағымға себеп болған мақала авторы, журналист Галина Галкинадан жауап алынды.

Бүгін жауап беруші жақ - газеттің меншік иесінің өкілі, заңгер Сергей Уткин мен журналист Инга Иманбайдан да жауап алынбақ

2012 жылдың соңы мен 2013 жылдың басында Қазақстанда сот шешімдерімен ондаған оппозициялық басылым жабылған еді. "Саясат алаңы" - Қазақстанда шығып жатқан санаулы оппозициялық басылымдардың бірі.
XS
SM
MD
LG