Accessibility links

Жақтастары Доку Умаровтың қаза болғанын растады


Шешен содырларының жетекшісі Доку Умаров.
Шешен содырларының жетекшісі Доку Умаров.
Солтүстік Кавказдағы астыртын жұмыс істейтін сайттардың бірі шешен қарулы топтарының жетекшісі Доку Умаровтың "шейіт болғанын" хабарлады. Оның қаза тапқаны туралы бұған дейін де түрлі дереккөздерінен ақпарат тарағанымен, расталмаған еді. Жақтастары Доку Умаровтың өлімі туралы бірінші рет хабарлап отыр.

Ресейдің терроризммен күрес комитетінің баспасөз хатшысы бұл ақпаратты әзірге растай алмайтынын білдірді.

Сайтта бұған қоса видеожазба да жарияланды. Онда өзін Әли Әбу Мухаммад деп атаған адам содырлардың жаңа жетекшісі болғанын хабарлайды.

Доку Умаров ресейліктерге қарсы жасалған бірнеше терактіні ұйымдастырған деп саналады.
XS
SM
MD
LG