Accessibility links

АҚШ Сириядан Вашингтондағы елшілігін жабуды сұрады


Сирияның АҚШ-тағы елшілігі, Вашингтон.
Сирияның АҚШ-тағы елшілігі, Вашингтон.
АҚШ президентінің әкімшілігі Сирия билігінен АҚШ территориясы аумағындағы дипломатиялық өкілдігінің қызметін тоқтатуды сұрады.

Ақ үй Сирия консулдығы мен елшілігінің АҚШ-та тұрақты түрде тұрмайтын қызметкерлерінен елді тастап шығуды талап етті.

"Біз АҚШ-та Сирияның қазіргі билігі тағайындаған дипломатиялық миссиясының жұмысын жөн көрмейміз" деп мәлімдеді Вашингтонның Сирия бойынша арнайы өкілі Даниэль Рубинштейн.

Ол бұған қоса Вашингтон Дамаскімен Сирия президенті Башар Асад билік өкілетінен айырылған соң дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін білдірді.

Рубинштейн АҚШ Сирияда өзгерістер жасауға, қантөгісті тоқтатып, қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге ұмтылатындарға көмектесе беретінін де айтты.
XS
SM
MD
LG