Accessibility links

"Саясат алаңы" газетіне айыппұл салынды


"Саясат алаңы" газетінің үстінен шағымданған алматылық тұрғын Көпесбай Жампейісов. Алматы, 14 наурыз 2014 жыл.
"Саясат алаңы" газетінің үстінен шағымданған алматылық тұрғын Көпесбай Жампейісов. Алматы, 14 наурыз 2014 жыл.
Алматы қаласының Медеу аудандық сотының судьясы Ғалым Бекбатыр оппозициялық "Саясат алаңы" газетінен алматылық әскери зейнеткер Көпесбай Жампейісовке моральдық шығын ретінде екі миллион теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды.

Жампейісов сотқа газет мақалаларының бірінің тақырыбы дұрыс қойылмады деп, моральдық шығын ретінде басылымнан 3 миллион 704 мың теңге өндіріп беруді сұрап шағымданған еді.

Жампейісов газет тілшісі Галина Галкинаның өзіне қатысты мақаласының тақырыбы келісімсіз қойылды және ол моральдық зардап келтірді деп біледі. "Саясат алаңы" өкілдері газет редакциясында ешқандай кінә жоқ деп санайды.

Газет өкілі Инга Иманбай соттан кейін журналистерге екі миллион теңге айыппұл редакция үшін ауыр тиетінін және оны төлеуге шамасы жетпейтіндіктен газет жабылуға мәжбүр болатынын айтты. Оның сөзінше, газет сот шешіміне қарсы Алматы қалалық сотына шағымданбақ.

2012 жылдың соңы мен 2013 жылдың басында Қазақстанда сот шешімдерімен ондаған оппозициялық басылым жабылған еді. "Саясат алаңы" - Қазақстанда шығып жатқан санаулы оппозициялық басылымдардың бірі.
XS
SM
MD
LG