Accessibility links

Жапония Ресейдің Қырымды қосып алғанын айыптады


Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ.
Бүгін Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанын айыптады.

Парламенттік комиссия алдында сөйлеген Синдзо Абэ Токио Ресей президенті Владимир Путиннің Қырымды аннексиялау туралы келісімге қол қоюын "Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығын бұзатын акт" ретінде қарайтынын мәлімдеді.

"Жапония кез-келген елдің тұтастығын күшпен бұзу әрекеттеріне бей-жай қарамайды. Біз "Үлкен жетілік" елдерімен және басқа да мемлекеттермен іс-әрекеттерімізді кеңесіп, үйлестіріп отырамыз және Ресейге қарсы қосымша шараларды қарастырамыз" деді Синдзо Абэ.
XS
SM
MD
LG