Accessibility links

Астанаға БҰҰ құлдықпен күрес жөніндегі өкілі келмек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
БҰҰ-ның адамдардың құлдыққа түсуі мәселесі бойынша арнайы өкілі Гүлнара Шахинян 25-27 наурыз күндері Қазақстанға екінші рет келеді.

Сарапшы Қазақстандағы адамдардың құлдыққа түсу жағдайы қалай өзгергенін және 2012 жылы өзі алғаш келгенінде Қазақстан үкіметінің айтқан ұсыныстарының қалай орындалғанын бағаламақ.

Үш күндік сапар аясында Гүлнара Шахинян орталық мемлекеттік басқару органдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақтардың өкілдерімен кездеспек.

Тәуелсіз сарапшы бұған қоса мәжбүрлі некелесу және тұрмыстық жағдайда құлдыққа түсу сияқты мәселелермен де айналысады.
XS
SM
MD
LG