Accessibility links

БҰҰ-да Ресей мен Украина өкілдері шекісіп қалды


Украинаның БҰҰ-дағы өкілі Юрий Сергеев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынында отыр. Нью-Йорк, 3 наурыз 2014 жыл.
Украинаның БҰҰ-дағы өкілі Юрий Сергеев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынында отыр. Нью-Йорк, 3 наурыз 2014 жыл.
19 наурызда Киевтің БҰҰ-дағы өкілі Юрий Сергеев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынында Ресейдің Қырымды аннексиялап алуын "заңсыз" және Украина территориясыне "өрескел түрде қол сұғу" деп атады.

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин Қырым халқы Ресейге қосылу туралы референдумда "еркін түрде" дауыс бергенін және совет басшысы Никита Хрущевтің 1954 жылы Қырымды Украина советтік республикасына беріп жіберіп жасаған "тарихи әділетсіздігі түзетілді" деп мәлімдеді.

Жиында АҚШ өкілі Саманта Пауэр Ресейді "Украинаның заңды құқығы мен әлем мемлекеттерінің пікірін елемеді" деп айыптады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі соңғы үш аптада Украина дағдарысына қатысты осымен сегізінші рет жиын өткізіп отыр.
XS
SM
MD
LG