БҰҰ-ның діни наным-сенім бостандығы бойынша арнайы өкілі Хайнер Билефельд 25 наурыз - 5 сәуір арасында Қазақстанда болмақшы. БҰҰ-ның хабарлауынша, Билефельд Қазақстандағы адам құқықтары ахуалы мен діни сенім-наным бостандығын қорғау ісін тексеріп, тиісті шаралар қолдануға үндемек.
12 күндік сапары кезінде БҰҰ-ның діни бостандық бойынша сарапшысы Астанада, Алматы мен Қарағандыда ресми билік өкілдерімен, діни және азаматтық топтардың мүшелерімен кездеспек.
Сапарының соңында 4 сәуір күні Хайнер Билефельд Астанада баспасөз мәслихатын өткізеді деп хабарланды.