Accessibility links

ЕО мен Украина ассоциация келісіміне қол қойды


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк пен ЕО кеңесі президенті Херман Ван Ромпей құжатқа қол қойып тұр. Брюсссель, 21 наурыз 2014 жыл.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк пен ЕО кеңесі президенті Херман Ван Ромпей құжатқа қол қойып тұр. Брюсссель, 21 наурыз 2014 жыл.
Бүгін Еуропа Одағы (ЕО) мен Украина ассоциация келісіміне қол қойды. Бұл шара кешеден бері ЕО елдері басшылары кездесуі өтіп жатқан Брюссельде өтті.

Құжатқа Украина премьер-министрі Арсений Яценюк, ЕО кеңесі президенті Херман Ван Ромпей, Еуропа комиссиясы басшысы Жозе Мануэл Баррозу және ЕО құрамындағы барлық елдер басшылары қол қойды.

Еуропа комиссиясы басшысы Жозе Мануэл Баррозудің жұма күнгі саммитте мәлімдеуінше, бұл келісім - Украина мен ЕО-ның жақындасуына және ынтымақтастығына жасалған қадам.

ЕО елдері басшылары мен үкіметтері Ресей мен Украинаның 12 жоғары лауазымды тұлғасы мен кәсіпкерлеріне санкция салуды мақұлдады. Ол адамдардың аты-жөндері бүгін жария болды. Олардың арасында Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин, Ресей президенті кеңесшілері Сергей Глазьев пен Владислав Сурков, Федерация кеңесі төрағасы Валентина Матвиенко, мемлекеттік дума спикері әрі "Единая Россия" партиясы басшысы Сергей Нарышкин, мемлекеттік дума депутаты Елена Мизулина, тележурналист Дмитрий Киселев, Қырымды Ресейге қосу туралы референдум өткізу комиссиясы басшысы Михаил Малышев бар.
XS
SM
MD
LG