Accessibility links

ЕО сауда өкілі Ресейді айыптады


Еуропа одағының (ЕО) сауда мәселелері жөніндегі өкілі Карел Де Гухт.
Еуропа одағының (ЕО) сауда мәселелері жөніндегі өкілі Карел Де Гухт.
Еуропа одағының (ЕО) сауда мәселелері жөніндегі өкілі Карел Де Гухт Ресейді Дүниежүзілік сауда ұйымымен келісім бойынша мойнына алған міндеттемелерін орындамай отыр деп айыптады.

Брюссельде өткен Маршалл қорының форумында сөйлеген Де Гухт Ресейдің ондай іс-қылығына «шексіз мысалдар барын» айтты. Сонымен бірге ол өндіруші саланы есепке алмағанда, Ресей елі «үлкен экономикаға» жатпайтыны туралы мәлімдеді.

ЕО сауда өкілі Оңтүстік Осетияны «қара құрдым» деп атап, Грузиядағы жағдайды тұрақсыздандырғысы келеді деп Ресейді айыптады. Сонымен бірге ол былтыр Армения мен Еуроодақ арасында сауда жөніндегі келісім жасауға Ресей кедергі жасағанын айтты. Егер Ереван ЕО-пен келісімге қол қоятын болса, онда Таулы Қарабақ мәселесіне қатысты Мәскеу оған қолдау танытпайтынын айтып қорқытқан дейді Де Гухт.
XS
SM
MD
LG