Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланд корольдігіне ресми сапармен барды.
Бұл туралы бүгін президенттің ресми сайтында жарияланған ресми ақпаратқа сәйкес, сапар барысында Назарбаев Нидерланд королімен және премьер-министрімен кездесіп, Гаага қаласында өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі үшінші жаһандық саммит жұмысына қатысады деп жоспарланған.
Гаагадағы саммит наурыздың 24-і мен 25-і күндері өтпекші. Онда ғаламдық қауіпсіздік мәселелері талқыланады.
АҚШ президенті Барак Обаманың бастамасымен ядролық қауіпсіздік жөніндегі алғашқы жаһандық саммит 2010 жылы Вашингтонда, екінші саммит - 2012 жылы Сеул қаласында өткен еді.