Accessibility links

"Үлкен сегіздік" саммиті Сочиде өтпейтін болды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Гаагада өтіп жатқан ядролық қауіпсіздік саммитінде.Нидерланд, 24 наурыз 2014 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Гаагада өтіп жатқан ядролық қауіпсіздік саммитінде.Нидерланд, 24 наурыз 2014 жыл.
Гаагада өтіп жатқан ядролық қауіпсіздік саммитінде "Үлкен сегіздік" елдері басшылары Украинаның егемендігіне тағы да қолдау білдірді. Олар Ресейді "халықаралық нормаларды бұза отырып Қырымды заңсыз аннексияламақ болғаны үшін" сынады.

АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция және Жапония "Үлкен сегіздік" елдерінің биыл жазда Сочиде өтуі тиіс саммитін Брюссельге ауыстыруға келісті. Олар Ресей саяси бағытын өзгерткенше "Үлкен сегіздік" құрамына қатыспайтынын айтты.

"Үлкен сегіздік" елдері басшылары Мәскеудің Қырымға жасаған ісінің "кесірі зор боларын" айтып, Ресей экономикасына қысым жасау үшін санкцияны күшейтуге дайын екендерін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG