Accessibility links

Өзбекстан Қырым мәселесін бейбіт реттеуге шақырды


Өзбекстан сыртқы істер министрлігі ғимараты.
Өзбекстан сыртқы істер министрлігі ғимараты.
Өзбекстан Украина мен Ресейді Қырым дағдарысын келіссөздер арқылы шешуге шақырды.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемесінде "халықаралық даулар тек бейбіт жолмен, кез-келген елдің территориялық тұтастығы мен саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолданылатыны туралы қоқан-лоққысыз шешілуі тиіс" делінген.

Мәлімдемеде ресми Ташкент Қырымдағы жағдайды "екі елдің ғасырлар бойы қалыптасқан байланыстары мен рухани және мәдени құндылықтарының тарихи бірлігін ескере отырып, екі елге де тиімді түрде тікелей келіссөздер арқылы шешуге болады" дейді.

Өзбекстан билігі көптеген дағдарыстар дер кезінде шешілмесе одан ары шиеленісіп, жаңа қайшылықтарға әкеп соқтырады деп ескертеді.
XS
SM
MD
LG