Accessibility links

АҚШ соты Бен Ладен туысын айыпты деп тапты


Усама бен Ладеннің күйеубаласы Сулейман Әбу Гейт.
Усама бен Ладеннің күйеубаласы Сулейман Әбу Гейт.
АҚШ соты Усама бен Ладеннің күйеубаласы, 48 жастағы Сулейман Әбу Гейтті америкалықтарды өлтіруге астыртын сөз байласты және терроризмді қолдады деп таныды. Әбу Гейт АҚШ-та сотталып отырған әл-Қаида ұйымының ең жоғары шенді өкілі.

Әбу Гейт әл-Қаиданың баспасөз хатшысы болған және 2001 жылы 11 қыркүйекте болған терактілерден кейін видеожазбалар арқылы осы ұйымның үгіт-насихат бағытындағы жолдауларын оқыған.

Кувейтте имам болған Әбу Гейт былтыр Иорданияда ұсталып, Нью-Йоркке жеткізілген. Сотқа берген жауабында ол видеожазбалардағы жолдауларды Усама бен Ладеннің өтініші бойынша оқығанын мойындады.

АҚШ прокуроры Джон Кронанның айтуынша, Әбу Гейт өзінің шешендік қабылетін "әл-Қаиданы АҚШ-қа қарсы соғысқа айдап салуға пайдаланған".

Әбу Гейт тағылған айыптар бойынша өмір бойына түрмеде отыру жазасына кесілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG