Accessibility links

Бірнеше ел басшысы Кабулға наурыз тойына барады


Ауғанстан президенті Хамид Карзай (оң жақта) Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды қарсы алып тұр. Кабул, 26 наурыз 2014 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай (оң жақта) Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды қарсы алып тұр. Кабул, 26 наурыз 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Иран президенті Хассан Роухани, Пәкістан президенті Мамнун Хусейн бүгін Ауғанстан астанасы Кабулда осы ел президенті Хамид Карзай ұйымдастыратын наурыз тойына қатысады.

Ауғанстанда өтетін наурыз мерекесін атап өту шарасына аймақтағы бес ел басшыларынан өзге он бір елдің делегациясы да қатыспақ.

Мемлекет басшылары Кабулда аймақтағы қауіпсіздік, сауда және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін де талқылайды.

ЮНЕСКО ұйымы 2009 жылы сәуірде Наурыз мерекесін адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енгізген. Ал 2010 жылы ақпанда БҰҰ Бас ассамблеясы 21 наурызды халықаралық наурыз күні деп жариялаған қарар қабылдаған.
XS
SM
MD
LG