Accessibility links

Киевте "Оңшыл сектор" мүшелері наразылық танытты


Украинадағы ұлтшыл "Оңшыл сектор" ұйымы басшыларының бірі болған Александр Музычко.
Украинадағы ұлтшыл "Оңшыл сектор" ұйымы басшыларының бірі болған Александр Музычко.
Украинадағы ұлтшыл "Оңшыл сектор" ұйымының жүздеген мүшесі 27 наурызда Киевтегі парламент үйі алдына жиналып, осы апта басында оқ тиіп қаза болған ұйым басшыларының бірі Александр Музычконың өліміне наразылық білдірген шеру өткізді.

Шерушілер "Трибунал!" деген ұрандар ұстап, ішкі істер министрі Арсен Аваковтың отставкаға кетуін талап етті.

Бұдан бірнеше күн бұрын Ровно облысында "қарулы топты ұстауға барған арнайы жасақ операциясы кезінде" Александр Музычконың оққа ұшқаны хабарланған еді.

Наурызда Музычконың үстінен "ауыр бұзақылық жасады және полицияның заңды әрекетіне қарсылық көрсетті" деген айыппен іс қозғалып, 12 наурызда оған іздеу жарияланған.

Батыс Украинадағы «Оңшыл сектор» («Правый сектор») қозғалысының жетекшілерінің бірі болған Александр Музычкоға қарсы Ресей де «Шешенстандағы орыс әскерилерін өлтіруі мүмкін» деген күдікпен іс қозғаған.

Музычко Шешенстанның бірінші президенті Джохар Дудаевтың оққағары болған.
XS
SM
MD
LG