Британиялық коронер (Ұлыбританияда кездейсоқ кісі өлімінің себебін анықтайтын адам) Питер Бедфорд ресейлік олигарх Борис Березовскийдің "өлімінің себебі ашылмады" деп хабарлады.
Ресей президенті Владимир Путинді сынаушылардың бірі, 67 жастағы Борис Березовскийдің өлі денесі былтыр 23 наурызда Лондон маңындағы үйінен табылған еді. Ұлыбритания полициясы Березовскийдің мәйітін тексере келе оның "асылып өлгені" туралы хабарлаған. Бірақ оның жай-жапсары айтылмаған.
27 наурызда Березовский өлімін тергеу ісіне қатысты өткен тыңдауда Питер Бедфорд бұрынғы олигарх қастандықпен өлтірілді немесе өз-өзіне қол жұмсады деген болжамдарды дәлелдейтін айғақтардың жоғын айтып, өлім себебі ашылмады деген "ашық үкім" шығарды. Ұлыбритания заңдары бойынша, егер Березовскийдің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болып жатса, тергеу жалғасады.
Ресейде 1990 жылдардың басында бизнестен дәулет жинап, саясатқа белсене араласқан Борис Березовский 2000 жылдары билікке келген президент Владимир Путиннің саясатымен келіспей, шетелге кетіп қалған.