Accessibility links

Украина шеруде қаза тапқандар үшін өтемақы төлейді


Майдан белсендісін жерлеу рәсімі. Киев, 25 наурыз 2014 жыл.
Майдан белсендісін жерлеу рәсімі. Киев, 25 наурыз 2014 жыл.
Украина үкіметі "Еуромайдан" шерулері кезінде қаза тапқан адамдардың отбасына 100 ең төменгі күнкөріс көрсеткіші көлемінде өтемақы төлейтін болды.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк үкімет отырысы кезінде осындай ұсыныс жасаған. Премьер ұсынысын үкімет мүшелері қолдаған.

Яценюк тиісті құжатқа үкімет отырысы үстінде қол қойған. Ол қаржы министрі Александр Шлапакқа төлемдер жүргізуді тапсырды. Жәрдем алуы тиіс отбасылар саны - 104.
XS
SM
MD
LG