Украинаның бұрынғы премьер-министрі, президент сайлауына түсуді жоспарлап отырған саясаткер Юлия Тимошенко бұрынғы президент Виктор Януковичтің "елдің барлық аймақтарының мәртебесіне қатысты референдум өткізу керек" деген мәлімдемесіне орай пікірін айтты.
28 наурыз күні Тимошенко "Янукович Украинаға қарсы, украин халқына қарсы күрестің құралына айналды, ол сепаратизмге шақырғаны, Украинаға әскер кіргізуді сұрағаны, басқа да әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс" деп мәлімдеді.
Янукович мәлімдемесінде Украинадағы қазіргі билікті "конституцияға қайшы" деп жариялап, референдум өткізуге шақырған. Ол Аймақтар партиясынан өзін төраға қызметінен алып тастауды және партия мүшелігінен шығаруды сұраған.