Accessibility links

Ауған сайлау комиссиясына шабуыл жасалды


Ауғанстан тәуелсіз сайлау комиссиясы штаб-пәтері. (Көрнекі сурет)
Ауғанстан тәуелсіз сайлау комиссиясы штаб-пәтері. (Көрнекі сурет)
29 наурыз күні Ауғанстан тәуелсіз сайлау комиссиясы штаб-пәтерінен атыс пен жарылыс дауыстары шыққаны хабарланды.

Кабул полициясы баспасөз қызметінің жетекшісі Хашмат Станекзай сайлау комиссиясы штаб-пәтерінің жанында қарулы содырлар жүргенін хабарлады.

Ал Ауғанстан ішкі істер министрлігі өкілі "Үш-төрт қарулы адам ғимаратты басып алғанын, олардың комиссия штабын атқылағанын" айтты.

Бұл шабуыл Ауғанстандағы президент сайлауына бір аптадай қалғанда жасалып отыр. Сайлау тақаған сайын елде түрлі шабуылдар жиіледі.

Жұма күні Кабулдағы қонақүйге шабуыл жасалып, екі адам қаза тапты. Төрт адам жараланған. Ішкі істер министрлігі өкілі Азаттыққа шабуылды бес адам жасағанын, олардың барлығы да оқиға орнында қаза тапқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG