Accessibility links

Украина Қырымға су беруді тоқтатпайды


Қырым түбегі. (Көрнекі сурет)
Қырым түбегі. (Көрнекі сурет)
Украина вице-премьері, аймақтарды дамыту және құрылыс министрі Владимир Гройсман Қырымға су берудің тоқтатылмайтынын мәлімдеді.

"Интерфакс" хабарлауынша, мұндай мәлімдемені ол салалық министрліктер отырысында айтқан.

Министр Қырымдағы су пайдаланушы мекемелермен есептесу мен жұмысты үйлестіруді тапсырған. Мемлекеттік су агенттігі басшысы Василий Сташук мәліметі бойынша, Қырым судың 80-85 пайызын сырттан - Солтүстік Қырым каналы арқылы алып отыр.
XS
SM
MD
LG