Сенбіде өткен Словакия президенті сайлауының екінші турының алдын ала нәтижесі бойынша кәсіпкер Андрей Киска жеңіске жеткен.
Онымен бәсекелес болған премьер-министр Роберт Фицо сайлауда жеңілгенін мойындады. Бюллетеньдердің 70 пайызы саналған кездегі мәлімет бойынша, сайлаушылардың 59,2 пайызы 51 жастағы Кисканы қолдап дауыс берген, Фицо – 40,8 пайыз дауысқа ие болған.
Батыс баспасөзі ешқандай партияда жоқ Андрей Кисканың сайлау алды кампания барысында елде коррупциялық жанжалдар мен жұмыссыздықтың өршіп кетуіне байланысты негізгі саяси күштерге сенімсіздік білдірген қоғамның бөлігін өзіне дауыс беруге ұтымды пайдалана білгенін жазады.
15 наурызда өткен сайлаудың бірінші турында Фицоны сайлаушылардың 28 пайызы қолдаса, Кискаға 24 пайызы дауыс берген еді. Премьер-министр Фицоның «Бағыт – әлеуметтік демократия» партиясы 2012 жылғы сайлауда айқын жеңіске жеткен соң елде бір партиялы үкімет құрылған.
Бес миллионнан астам халқы бар Словакия 2004 жылы Еуропа Одағына қабылданған.